Русский
Байналыстар
Республика Казахстан,
г. Павлодар,
Северная Промзона
Телефон: 8 (7182) 37-37-10
Факс: 8 (7182) 37-24-82

Біздің компания

Ертіс сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Павлодар жуу-булау стансасы негізінде құрылды.
“Ертіс сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 4-топтың стансасы болып табылады және Павлодар қаласының солтүстігіне қарай 5 шақырым қашықтықта орналасқан, жерінің алатын аумағы - 17,9 га, жобалық қуаты - тәулігіне 400 цистерна. Жұмыс істейтін адамдардың саны 151-ді құрайды.
«Ертіс сервис» ЖШС-ның жұмысы мұнай өнімдері мен мұнай битумын құюға 4 және 8 осьті цистерналарды дайындау, жүктің сақталуы және құю пунктінен ағызу пунктіне дейін мұнай битумына арналған вагондар мен цистерналардың қауіпсіз жүріп өтуі қамтамасыз етілуі үшін цистерналарға және битумды жартылай вагондарға ағымдағы жөндеу жүргізуге, техникалық жабдықтау құралдарын тиімді қолдану, еңбек қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге негізделген.
Мұнай өнімдерін құюға цистерналарды дайындауда “Ертіс сервис» ЖШС Қазақстанның экономикасында маңызды рөл атқарады. Бұл Қазақстанның экономикасын жүк тасымалымен барынша қанағаттандырумен пайымдалады. Халық және ауыл шаруашылығы үшін жүк тасымалында цистерналардың жүк айналымын, сонымен қатар мұнай өнімдерін экспортқа тасымалдау үшін цистерналарды дайындауды қамтамасыз етеді. Экспорттық жүктердің баратын елдері Ресей, Қытай, Монғолия, Балтық елдері болып табылады.
Стансаның негізгі өндірістік процестері барынша автоматтандырылған және механикаландырылған. Техникалық жабдықтаудың үлкен базасы бар. Негізгі құралдар қоры 424 атауды құрайды.
Негізгі құралдарға:

  • бекіту-реттеу арматурасы
  • сорғы-сығымдағыш жабдығы
  • желдеткіш жабдығы
  • электрқозғалтқыш
  • ұзындығы - 81,5 км құбыржолдар
  • ұзындығы - 57,9 км электр кабельдері және сымдар жатады.

    Ертіс сервис» ЖШС негізгі құрылыстары:

    1. Әкімшілік-тұрмыстық ғимарат
  • жоспардағы көлемі 12х60м-лік екі қабатты ғимарат. Әкімшілік-тұрмыстық ғимараттың бірінші қабатында денсаулық пункті, химиялық тазалау, сантоғысымдар, асхана, сауықтыру кешені, желдеткіш бөлме, сонымен қатар құюшы-таратушының және қоймашының кабинеттері орналасқан. Подвалдық жайда пана орналасқан.

    2. Цистерналарды жуу депосы

  • 2 жолда 22 төрт осьті немесе 12 сегіз осьті әр жолында алты-алтыдан цистерналарды секция бойынша жууға арналған, екі жақты, ұзындығы 132м-лік эстакадалы жабық цех. Сегіз осьті цистерналарды өңдеу үшін эстакадада оларды жууға және газсыздандыруға арналған қосымша құрылғылармен жабдықталған. Олардың өңделуі екі лютен де жүргізіледі.

     


  • Copyright © 2008 ERTIS. All Rights Reserved.