Русский
Байналыстар
Республика Казахстан,
г. Павлодар,
Северная Промзона
Телефон: 8 (7182) 37-37-10
Факс: 8 (7182) 37-24-82

Біздің компания

Ертіс сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Павлодар жуу-булау стансасы негізінде құрылды.
“Ертіс сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 4-топтың стансасы болып табылады және Павлодар қаласының солтүстігіне қарай 5 шақырым қашықтықта орналасқан, жерінің алатын аумағы - 17,9 га, жобалық қуаты - тәулігіне 400 цистерна. Жұмыс істейтін адамдардың саны 151-ді құрайды.
«Ертіс сервис» ЖШС-ның жұмысы мұнай өнімдері мен мұнай битумын құюға 4 және 8 осьті цистерналарды дайындау, жүктің сақталуы және құю пунктінен ағызу пунктіне дейін мұнай битумына арналған вагондар мен цистерналардың қауіпсіз жүріп өтуі қамтамасыз етілуі үшін цистерналарға және битумды жартылай вагондарға ағымдағы жөндеу жүргізуге, техникалық жабдықтау құралдарын тиімді қолдану, еңбек қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге негізделген.
Мұнай өнімдерін құюға цистерналарды дайындауда “Ертіс сервис» ЖШС Қазақстанның экономикасында маңызды рөл атқарады. Бұл Қазақстанның экономикасын жүк тасымалымен барынша қанағаттандырумен пайымдалады. Халық және ауыл шаруашылығы үшін жүк тасымалында цистерналардың жүк айналымын, сонымен қатар мұнай өнімдерін экспортқа тасымалдау үшін цистерналарды дайындауды қамтамасыз етеді. Экспорттық жүктердің баратын елдері Ресей, Қытай, Монғолия, Балтық елдері болып табылады.
Стансаның негізгі өндірістік процестері барынша автоматтандырылған және механикаландырылған. Техникалық жабдықтаудың үлкен базасы бар. Негізгі құралдар қоры 424 атауды құрайды.
Негізгі құралдарға:

  • бекіту-реттеу арматурасы
  • сорғы-сығымдағыш жабдығы
  • желдеткіш жабдығы
  • электрқозғалтқыш
  • ұзындығы - 81,5 км құбыржолдар
  • ұзындығы - 57,9 км электр кабельдері және сымдар жатады.

    Ертіс сервис» ЖШС негізгі құрылыстары:

    1. Әкімшілік-тұрмыстық ғимарат
  • жоспардағы көлемі 12х60м-лік екі қабатты ғимарат. Әкімшілік-тұрмыстық ғимараттың бірінші қабатында денсаулық пункті, химиялық тазалау, сантоғысымдар, асхана, сауықтыру кешені, желдеткіш бөлме, сонымен қатар құюшы-таратушының және қоймашының кабинеттері орналасқан. Подвалдық жайда пана орналасқан.

    2. Цистерналарды жуу депосы

  • 2 жолда 22 төрт осьті немесе 12 сегіз осьті әр жолында алты-алтыдан цистерналарды секция бойынша жууға арналған, екі жақты, ұзындығы 132м-лік эстакадалы жабық цех. Сегіз осьті цистерналарды өңдеу үшін эстакадада оларды жууға және газсыздандыруға арналған қосымша құрылғылармен жабдықталған. Олардың өңделуі екі лютен де жүргізіледі.

     

    3. Жуудың ашық эстакадасы

  • булаудың ашық эстакадасы 2 жолда 22 төрт осьті немесе 12 сегіз осьті әр жолында алты-алтыдан цистерналарды секция бойынша өңдеуге арналған екі жақты ұзындығы 132м-лік булаудың ашық эстакадасы. Атмосфералық жауын-шашыннан қорғау үшін алаң бар ұзындығы бойынша қалқамен жабдықталған. Булау эстакадасы келесі тоғысымдардан және жабдықтардан тұрады:
  • будың құбырлары, вакуум құбырлары және ауа құбырлары;
  • цистерналардың қазанын газсыздандыруға арналған желдеткіш құрылғылары;
  • төгілген қалдықтарды жылытуға арналған, металдан жасалған тормен жабылған, бу құбырларымен жабдықталған, цистерналардан мұнай өнімдері қалдықтарын ағызуға арналған рельсаралық науа;
  • өрт сөндірудің көбікті жүйесі (рельсаралық науада орналасқан перфоралдық бу құбырлары);
  • жұмысшылардың жылынуына арналған бөлме;
  • цистерналарды булауға және газсыздандыруға арналған құрылғылар;
  • ЖБС операторы және ЭЦ кезекшісімен екі жақты дыбысүдеткіш байланыс.
    Сегіз осьті цистерналарды өңдеу үшін эстакада оларды булау және газсыздандыру үшін қосымша құрылғылармен жабдықталған. Сегіз осьті цистернаны булау және газсыздандыру екі қалпақ арқылы жүргізіледі. Біруақытта, эстакаданы жағалай, жолдың әрқайсысына алтыдан он екі сегіз осьті цистерна қойылуына мүмкіндік бар.

    4. № 1 Сорғы
    № 1 сорғы ғимаратында:

  • вакуумдық сорғы;
  • ыстық су және айналма сумен жабдықтаудың машиналық залы;
  • өрт сөндірудің көбікті жүйесінің бөлмесі;
  • “ПМХЗ» АҚ қабылдаушыларына арналған бөлме;
  • ЩСУ, желдеткіш камералар және сантоғысымдар;
  • сорғы қондырғысы машинистерінің демалуларына арналған бөлме, жуыну, шешіну және кептіргіш жайлар;
  • БӨА және А зертханасы мен шеберханасы;
  • буды қабылдау және бөліп үлестіру жайлары;
  • аға шебер және тазарту құрылыстары шеберінің кабинеттері;
  • диспетчерлік орналасқан.
    Вакуум-сорғыда цистернадан ашық түсті мұнай өнімдері қалдықтарын және цистернадан қара түсті және ашық түсті мұнай өнімдерін төменгі ағызусыз, жуатын суды цистернадан булау эстакадасының науасына біруақытта алып тастауды қамтамасз ететін екі вакуумдық сорғы орналастырылған. № 1 сорғының машина залында ыстық сумен жабдықтау және айналма сумен жабдықтау сорғылары орналасқан. Сорғы жүк көтергіштігі 3 тонналық арқалықты кранмен, жалпы алмастырғыш желдеткішпен жабдықталған.

    5. Диспетчерлік
    Цистерналарды мұнай өнімдерін құюға дайындауда жуу-булау стансаның негізгі өндірістік процестері барынша автоматтандырылған және механикаландырылған. Технологиялық процесті автоматты басқаруға басқару пультінің операторы диспетчерліктен басшылық етеді.
    Диспетчерлік:

  • жалпы сигналдау және желдеткіш қондырғыларды басқару тақтасымен;
  • басқару тақтасы және айналма сумен жабдықтау сорғы сигналдауымен;
  • басқару тақтасы және сусыздандыру резервуарлары сигналдауымен;
  • басқару тақтасы және вакуумдық сорғы сигналдауымен;
  • басқару тақтасы және ыстық су сорғысы сигналдауымен;
  • басқару тақтасы және жуатын судың аккумуляторларының сигналдауымен;
  • басқару тақтасы және жуу депосының желдеткіш қондырғыларының сигналдауымен;
  • басқару тақтасы және жуу депосы мен булау эстакадасының газсыздандыру қондырғыларының сигналдаумен;
  • жуу процесін программалық басқару тақтасымен;
  • булау процесін программалық басқару тақталарымен жарақталған.

    6. Химиялық зертхана
    Химиялық зертхананың негізгі міндеті мүмкіндігінше қалдықтарды өңдеудің сипатын және қажетті сақтық шараларын анықтау мақсатында жуу-булау стансасына келіп түсетін цистерналардағы мұнай қалдықтарының сапалық құрамын анықтау болып табылады.
    Химиялық зертханаға келесі келесі жұмыстарды орындау жүктеледі:

  • цистерна қазандарының ауа жағдайының газдалуын тексеру және жарылу қауіпсіздігі мен қазан бойынша тойтарма және пісіру жұмыстарын орындау мүмкіндігі туралы ВУ-19 актілерін құрастыру;
  • канализацияға ағызылатын, жуатын сулардағы концентрацияларда рұқсат етілетін норма шегіндегі зиянды заттардың құрамына бақылау жүргізу;
  • химиялық талдаудың деректерін беру;
  • құдықтар мен резервуарлардағы газдалуды тексеру;
  • МҚҚ-ның МЕМСТ-21046-86 сәйкес келуін анықтау.
    Жуу-булау стансасының химиялық зертханасы сапалық және сандық талдау жасауға қажетті құралдармен, өлшеу аспаптарымен, «Цистернада тасымалданатын мұнай өнімдері қалдықтарына талдау жүргізудің Басшылығына» сәйкес аппаратуралар және реактивтермен жабдықталған.

    7. БӨА және А зертханасы мен шеберханасы
    Өлшеу аспаптары мен автоматика зертханасы автоматика және бақылау жүйесін жөндеуге, реттеуге арналған.

    8. Цистернаны және битумды жартылай вагондарды өңдеу аланы

  • құюға арналған битумды жартылай вагондарды (булау, бункерлерді және булау «жейделерін» тазалау) дайындау және ағымдағы жөндеу жүргізуге арналған.
    Жартылай вагондарды сыртқы жуу алаңының құрылыстарына мыналар жатады:
  • мұнайлыбитумды қотару сорғысы;
  • құю бағанасы;
  • мұнай сақтайтын қойма;
  • жүккөтергіштігі 12,5 тонналық төрттағанды кран.

    9. Цистернаны сырты жуу аланы

  • алаң жөндеудің жоспарлы түріне дайындалған цистерналарды сыртқы жууға арналған. Цистерналарды сыртқы жуудың құрылыстарына мыналар жатады:
  • сыртқы жуу ангары;
  • сыртқы жуудың сорғы стансасы.
    Бұдан басқа, сорғы жайында мыналар орналасқан: ыстық суды жылдам дайындауға арналған бойлер, сыйымдылықтары 5 куб. м болатын екі күбі, желдеткіштер, сантоғысым және ЩСУ.

    10. 112-113-жолдарда ашық түсті мұнай өнімдерін құю үшін цистерналарды дайындау
    Этилденген бензиннен босатылған цистерналарды дайындау аланы мұнай өнімдерін құюға арналған ашық түсті мұнай өнімдерінен босатылған цистерналарды дайындау және қазанының жарығы, ішінде ашық түсті мұнай өнімдері бар цистерналарды қотару үшін қайта жабдықталған.
    Алаңның құрылыстарына мыналар жатады:

  • сегіз 4 осьті немесе төрт 8 осьті цистерналарды қоюға арналған 45 метрлік екі жолды эстакада;
  • өндірістік-тұрмыстық ғимарат.
    Эстакада мыналармен жарақталған:
  • бу өткізгішпен, ауа өткізгішпен, цистернаны газсыздандыру құрылғысымен;
  • мұнай өнімдерін төгуге арналған науалармен және ылғал жинақтаушымен;
  • ЖБС операторы және ЭЦ кезекшісімен екі жақты дыбысүдеткіш байланыспен;
  • жұмысшылардың жылынуына арналған бөлмемен;
  • сөрелермен;
  • атмосфералық жауын-шашыннан қорғау үшін бар ұзындығы бойынша қалқамен жабдықталған.
    Өндірістік-тұрмыстық ғимаратта:
  • шебердің бөлмесі;
  • душ және киім шкафтары бар.

     

    12. Жылу пункті
    Жылу пункті жылу энергиясының бу түрінде ТЭЦ-3 - ЖБС бу өткізгіші арқылы қабылдануы мен таралуына арналған. Жылу пункті бекіту арматурасымен, БӨА және А аспаптарымен, бу өткізгіш желілермен жабдықталған.

     

    13. Жөндеу-механикалық цех
    Жөндеу-механикалық цех ЖШС құралдарын жөндеуге, қосалқы бөлшектерді дайындауға арналған. Цех қырнау және фрезалық станоктарымен, сүргілеу станогымен, бұрғылау және ұштау станоктарымен, теміршеберлермен, пісіру трансформаторларымен, сөрелермен жабдықталған. Санитарлық тоғысым, киім шкафы және душы бар.
    Жуу депосының ғимаратында орналасқан:

  • бекіту арматурасын жөндеу цехы;
  • жуу машиналарын жөндеу цехы;
  • құрал-саймандардың слесарьлығы.

  • Copyright © 2008 ERTIS. All Rights Reserved.